Жаңалықтар
«Кек аламын» деп қылмысқа барған оқушы

9-сынып оқушысы әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін басқа адамдардың атынан жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама таратқан.
Жасөспірім Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтаудағы сауда үйлерінің бірінің электронды поштасына хат жолдаған.
Ішкі істер министрлігі мұндай «әзілдің» соңы ауыр жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Қазіргі уақытта барлық жағдай тексеріліп жатыр. Заң бойынша мұндай әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



