Жаңалықтар
ШҚО әкімі өңір спортшыларымен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен өңір спортшыларымен кездесті.
Кездесу барысында 50-ге жуық спортшы мен жаттықтырушы өңір спортының дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін Алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Біздің спортшылардың жеңістері -тек жеке жетістік емес, бұл мұқым Шығыс Қазақстан үшін мақтаныш», -деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі жаттықтырушыларға еңбектері үшін алғыс айтып, спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.



