Басты жаңалықЖаңалықтар

Тәжірибе мен тартыс:Ақжарда көкпар додасы қыза түсті

Ақжар ауылында ардагерлер арасындағы ауданаралық ашық көкпар турнирі өтіп жатыр.

Додаға Тарбағатай, Ұлан, Зайсан, Күршім, Таврия және Самар аудандарынан келген тәжірибелі шабандоздар қатысуда.

—Ұлттық рухты көтерген дүбірлі дода құтты болсын! Ардагер көкпаршыларға мықты денсаулық пен жаңа жеңістер тілейміз,-деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Турнирдің мақсаты – ұлттық спортты дәріптеу, жастарға үлгі көрсету және қазақтың дәстүрлі ат спорты ойындарын насихаттау.

—Зейнетке шыққан ардагер көкпаршы ретінде осындай жарыстың ұйымдастырылып отырғанына өте қуаныштымын. Ұлттық спортымыздың дамып, көкпардың кейінгі буынға насихатталып жатқаны көңіл қуантады. Барша көкпаршы азаматтарға мықты денсаулық, амандық тілеймін. Аттарыңыз арымасын, астарыңыздан ат кетпесін, көкпардың көрігі қыза берсін,-деді ардагер көкпаршы Бақытбек Рахимов.

Айта кетейік, әр команданың құрамында 12 ардагер көкпаршы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button