Басты жаңалықЖаңалықтар

Қанипа Бітібаева білім алған мектеп бүгінде қандай?

Тарбағатай ауданындағы Абай атындағы орта мектепте жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Ғасырдан астам тарихы бар білім ордасы бүгінде өңірдегі жетекші мектептердің бірі саналады.

Бұл мектептен белгілі ұстаз, академик Қанипа Бітібаева түлеп ұшқан. Ал Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов кезінде білім ордасына басшылық еткен. Қазір мұнда 738 оқушы білім алып, 87 педагог еңбек етеді.

Соңғы жылдары мектептің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылды. Білім ордасында STEM зертханасы, телестудия, ART-студия, лингафон кабинеті, шеберханалар мен заманауи оқу сыныптары жұмыс істейді.

Мектеп жетістіктері де аз емес. Білім ордасы «Педагогикалық жетістіктер мектебі» номинациясын жеңіп алып, «Үздік білім беретін ұйым – 2024» байқауында бас жүлдені иеленді.

Бүгінде Абай атындағы орта мектеп дәстүрлі білім мен заманауи технологияны ұштастырып, ауыл балаларына сапалы білім берудің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button