ЖаңалықтарСпорт
Риддерде бір ай ыстық су болмайды

Риддер қаласында шілдеде бір айға жуық уақытқа ыстық су өшіріледі.
«Шығыс Жылу» мәліметінше, қалалық жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты станция 1-25 шілде аралығында тоқтатылады. Осы кезеңде ыстық сумен жабдықтау уақытша өшіріледі.
Сонымен қатар, шілде және тамыз айларында қаланың түрлі аудандарындағы 17 учаскеде жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты кейбір шағын аудандарда ыстық су кезең-кезеңімен уақытша ажыратылып отырады.
Жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымына дайындық үшін қолға алынған. Ыстық судың нақты қай учаскелерде және қай уақытта өшірілетіні туралы тұрғындарға қосымша хабарланады.



