ДенсаулықЖаңалықтар

Кезек қысқарады: Күршімде 140 орындық балабақша ашылды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Күршім ауылында 140 орындық жаңа «Дара бала» балабақшасы пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай салынған балабақшада кең ойын және оқу бөлмелері, спорт және музыка залдары, медициналық кабинет пен асхана қарастырылған. Ал ауласында ойын алаңдары мен демалыс аймақтары бар.

Қазір Күршімде балабақша кезегінде 160 бала тұр. Жаңа нысанның ашылуы бұл мәселені шешуге көмектесіп, қосымша 120 бүлдіршіннің мектепке дейінгі білім алуына мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button