Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Самарда жаңа спортзал ашылды

Самар ауданының Жұмба ауылында жаңа спортзал пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық болды.

1988 жылы салынған мектепте осы уақытқа дейін арнайы спортзал болмаған. Соның салдарынан дене шынықтыру сабақтары дұрыс өткізілмеген.

Жаңа спорт нысанының ашылуына аудан әкімі, ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар және қонақтар қатысты.

Спортзал тұрғындардың өтініші негізінде салынып, жобаны облыс басшылығы қолдаған. Нысан заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жуыну және киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button