ЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде белгісіз әйелдің мәйіті табылды
Жаңа Согра шағын ауданында әйел адамның мәйіті табылды. Оқиға Шаяхметов көшесіндегі сауда үйінің маңында болған.
Полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлерінен Шаяхметов көшесі, 13 мекенжайындағы ғимарат жанында белгісіз әйелдің жансыз жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.



