Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар

Ерлік жасаған ұстаз бен шәкірттер марапатталды

Адам өмірін сақтап қалған мұғалім мен мектеп оқушылары арнайы марапатқа ие болды.

Төтенше жағдайлар департаменті Серебрянск қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Берік Тұрқанов пен оқушылар Нұртілек Жамиев және Сабыр Берік Нұрғазыны ерлігі үшін алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады.

Оқиға 13 маусым күні Бұқтырма кентіндегі демалыс орындарының бірінде болған. Суға бата бастаған жас жігітті көрген оқушылар сасқалақтамай, бірден көмекке ұмтылған. Ал мұғалім Берік Тұрқанов су көлігімен жедел жетіп, зардап шегушіні жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button