Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Мемлекеттік Туды қай жерге ілуге болады?

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңа ережеге сәйкес, азаматтарға Туды тұрғын үйлерге, өзге де ғимараттарға және балкондарға ілуге рұқсат берілді.

Алайда Ту ұлттық стандартқа сай болуы керек. Ол жыртылмаған, ластанбаған, әрі бүлінбеген болуы тиіс. Сондай-ақ Тудың жерге, суға немесе еденге тиюіне жол берілмейді.

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұрғын үйлерде Мемлекеттік Ту кемінде үш метр биіктікте болуы керек. Ал ондай мүмкіндік болмаса,оны арнайы тұғырға орнатуға болады.

Сонымен қатар Туды көлік салонында ұстауға және спортшылардың киімі мен спорттық жабдықтарында бейнелеуге рұқсат етілді.

Дегенмен жарнамада, киім ретінде, төсек-орын жабдықтарында, перде, дастарқан, кілемше және басқа да тұрмыстық бұйымдарда пайдалануға әлі де тыйым салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button