ЖаңалықтарСпорт

«Алтай» футбол клубы ҚПЛ-дің 17-турында жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында «Алтай» футбол клубы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Кездесудегі жалғыз гол матчтың 6-шы минутында соғылды. Ибрагим Дадаев пенальтиді мүлтіксіз орындап, командаға жеңіс сыйлады.

Матч бойы «Алтай» сенімді ойын өрнегін көрсетіп, алаң иелерінің қысымына төтеп беріп, матч соңына дейін басымдықты сақтап қалды.

Осы жеңістің арқасында команда маңызды үш ұпайға ие болып, турнирлік кестедегі өз позициясын нығайтты. Сондай-ақ бұл Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалу жолындағы маңызды қадам болды.

Футболшыларды, жаттықтырушылар штабын және жанкүйерлерді құттықтаймыз! Команданың маусымды сәтті жалғастыруына тілектеспіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button