ЖаңалықтарМәдениет

Төр Алтайда республикалық поэзия кеші өтті

Катонқарағай ауданында өтіп жатқан халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты республикалық поэзия кеші ұйымдастырылды.

Жыр кешіне аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығы қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятындағы айрықша орын алатынын атап өтті.

«Біз үшін бұл той – қазақ жырының мерейі, Алтайдың абыройы, ұлт рухының салтанаты», – деді аймақ басшысы.

Поэзия кешінде еліміздің әр өңірінен келген белгілі ақындар мен қаламгерлер өз шығармаларын оқыды. Фестивальге қатысқан ақындардың әрқайсысына 500 мың теңгеден сыйақы табысталды.

Фестивальдің мәдени бағдарламасы ертең «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысымен жалғасады. Ал кешкі гала-концертте Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Тыва Республикасы және Моңғолиядан келген өнерпаздар өнер көрсетеді. Кештің басты хедлайнері – Димаш Құдайберген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button