OSKEMEN LIFE 2.0 жазғы фестивалі өтеді

9 шілде күні Өскемен қаласында OSKEMEN LIFE 2.0 жазғы фестивалі өтеді. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мерекелік шара сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады.
Фестиваль барысында тұрғындар үшін түрлі шығармашылық, ойын-сауық және мәдени алаңдар жұмыс істейді.
Күндіз қонақтар қолөнершілер мен креаторлардың жәрмеңкесін аралап, суретшілер аллегін тамашалай алады. Сонымен қатар шай терапиясы, трансформациялық ойындар, фотозона, кітап және ойыншық алмасу бұрыштары ұйымдастырылады.
Балалар үшін де қызықты бағдарламалар дайындалған. Олар ойын алаңында уақыт өткізіп, самокат жарысына қатысып, балмұздақтан дәм тата алады. Сондай-ақ йога аймағы, караоке алаңы, асфальттағы граффити және TikTok аймағы жұмыс істейді.
Фестивальдің кешкі бөлігінде Street Dance Battle, көше гитаристерінің өнері, DJ Battle және бас сахнадағы концерттік бағдарлама өтеді.
Ал мерекенің соңында тұрғындар телескоп арқылы жұлдыздарды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, OSKEMEN LIFE 2.0 фестивалінің мақсаты – қала тұрғындарына ашық аспан астында демалып, шығармашылық ортада уақыт өткізуге мүмкіндік беру.



