Басты жаңалықЖаңалықтарҚылмыс
Зайсанда жылқы ұрлаған күдіктілер ұсталды

Зайсан ауданында бір үйір жылқыны ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер еркін жайылымда жүрген жергілікті тұрғынның 33 бас жылқысын айдап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 30 миллион теңгеден асады.
Полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде ұрланған барлық жылқы табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың осыған дейін де осы азаматтың малын ұрлауға әрекеттенгені анықталған. Олар мамыр айында 30 бас жылқыны айдап кетпек болғанымен, қылмыс дер кезінде әшкереленіп, мал иесіне қайтарылған.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.



