Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да халық саны азайып барады

Облыста бүгінде 717 мың адам тұрады. Дегенмен, жыл басынан бері өңір халқының саны 2 016 адамға азайған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, облыс тұрғындарының 485,9 мыңы қалада, ал 231,1 мыңы ауылдық жерде тұрады. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: өңірде 373,1 мың әйел (52%) және 343,9 мың ер адам (48%) бар.

Сонымен қатар, облыста жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 17 483 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Кәсіпкерлік саласында өсім байқалады. 1 шілдедегі жағдай бойынша өңірде 14 859 заңды тұлға тіркелген. Оның 12 241-і белсенді жұмыс істейді. Ал шағын кәсіпорындардың саны 11 953-ке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға артқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button