ЖаңалықтарҚылмыс

iPhone мен көлік кілтін ұрлаған күдікті ұсталды

Өскеменде жағажайда демалып жүрген тұрғынның заттарын ұрлаған күдікті қолға түсті.

Тергеу мәліметінше, күдікті ішінде iPhone 14 Plus смартфоны мен Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің кілті болған сөмкені ұрлап кеткен. Кейін көліктің салонына кіріп, ішінен iPhone 14 Pro телефоны салынған барсетканы алып кеткен.

Оқиға салдарынан жәбірленушіге 410 мың теңге көлемінде шығын келген.

Қазір күдіктіе қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция демалушыларға бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және жеке мүлкіне мұқият болуға кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button