Жаңалықтар
Самар ауданында мәйітхана салына ма?

Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәйітхана мәселесін көтерді.
«Ауданда мәйітхана жоқ. Адам өмірден озса, облыс орталығына, Күршімге, кейде тіпті Көкпектіге апарады. Марқұмды соңғы сапарға шығару кезінде осындай қиындық болмауы керек деп ойлаймын», – деді аудан тұрғындарының бірі.
Облыс әкімі шағымды тыңдап, мәйітхана құрылысы талқылауға жатпайтын, сөзсіз шешілуі тиіс мәселе екенін атап өтті. Осыған орай Денсаулық сақтау басқармасы мен Құрылыс басқармасына тиісті ұсынысты бірлесіп әзірлеуді тапсырды.



