ЖаңалықтарСпорт

ШҚО спортшысы халықаралық турнирде қола жүлде иеленді

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ардақ Нұрмағамбетов Таиландта өтіп жатқан ITTF World Para Future Nakhon Ratchasima 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Жарыс барысында жерлесіміз бес кездесу өткізіп, Жапония мен Үндістан спортшыларын жеңді. Жартылай финалда Қытай өкіліне жол берген Ардақ турнирді қола медальмен аяқтады.

Алда турнирдің екінші кезеңі өтеді. Онда Ардақ Нұрмағамбетов тағы да жүлделі орын үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button