ЖаңалықтарСпорт
Өскемендік спортшы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Өскемендік жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Қытайдың Ордос қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Спортшының айтуынша, бұл жарыстағы басты мақсат жүлде емес, секіру техникасын жетілдіру болған. Соған қарамастан, ол маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Анастасия бұл жетістік өзіне деген сенімді арттырғанын айтып, енді Қазақстан чемпионатына және алдағы халықаралық жарыстарға дайындалатынын жеткізді. Оның жоспарында Ташкенттегі турнир мен Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысу бар.
Спортшының айтуынша, Қытайдағы чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылған және Азиядағы бәсекелестік өте мықты болған.



