Тарбағатайда мектеп ашылды

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Сарыөлең ауылында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Ашылуға білім саласының басшылары, мәслихат депутаттары, ұстаздар қауымы және жергілікті тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ауыл халқының өмірінде жаңа мектептің алар орны ерекше екенін атап өтіп, әлеуметтік нысанның маңызына тоқталды.
— Бұл мектеп – ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды нысан. Қысқа мерзім ішінде, небары сегіз айда бой көтерген білім ордасы – мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп отырған нақты қолдаудың нәтижесі. Мұнда оқитын балаларға сапалы білім алып, өз әлеуетін толық ашуға барлық мүмкіндік жасалған, – деді ол.
Айта кету керек, мектеп құрылысы биылғы сәуірде басталып, толығымен аяқталды да пайдалануға берілді.



