Жаңалықтар

Қыстың қамын жаз ойла: көмір бағасы арзандайды

Қала тұрғындарына жылыту маусымына көмірді қазірден бастап қамдап алу ұсынылады.

Жылыту маусымына дайындық аясында қалада 30 мың тонна әлеуметтік көмір сатылады. Оның бағасы коммерциялық көмірден 500 теңгеге арзан болады.

Қазір Қаражыра көмірінің бағасы тоннасына 17 500–17 700 теңге болса, әлеуметтік көмір одан төмен бағамен ұсынылады. Ал Майкүбі көмірінің сатылымы жақын күндері басталады.

Әлеуметтік көмірге өтінімдер Аумақтық басқару орталықтарының филиалдары арқылы қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button