Басты жаңалықЖаңалықтар
QR-кодты сканерлеп, психологиялық көмек алыңыз

Өскеменде қиын жағдайға тап болған тұрғындар енді психологиялық көмекке QR-код арқылы тез жүгіне алады.
Полиция қызметкерлері «Бізден сұраңыз. Біз сіздің жаныңыздамыз» атты акция бастады. Ол 11-13 тамыз аралығында қала аумағында өтеді.
Акция барысында полиция қоғамдық орындарға арнайы QR-кодтар орналастырды. Оны сканерлеу арқылы тұрғындар қажетті психологиялық көмек туралы ақпарат алып, мамандарға жүгіне алады.
Полицияның айтуынша, акцияның басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсету және отбасындағы жанжалдардың алдын алу.
Құзырлы орган тұрғындарды қиындықты жалғыз өткермей, қажет жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады.



