Жаңалықтар

Шомылу маусымы кезінде 10 адам қаза тапты

Биылғы шомылу маусымында Шығыс Қазақстан облысында 10 адам суға батып, қаза тапты. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған орындарда болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарын патрульдеу кезінде 28 адамды құтқарды. Олардың ішінде 8 бала бар.

Өңірде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 8 құтқару бөлімшесі жұмыс істеді. Сонымен қатар 38 құтқарушы-дружинник арнайы дайындықтан өтті.

Жазғы маусым кезінде тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін 1800-ден астам рейд пен патрульдеу жүргізілді. Қауіпсіздік талаптарын бұзған 102 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, облыста 93 су айдынында шомылуға тыйым салынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button