Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да салынатын казиноның аумағы 150 гектардан асады

Зайсан ауданында шетелдіктерге арналған казино салу үшін 153,6 гектар жер бөлінеді. Нысан Сәтбай елдімекені маңында, Зайсан халықаралық әуежайынан 10 шақырым жерде орналасады.

Бөлінген жердің солтүстік, батыс және шығыс бөліктері шаруа қожалықтарымен, ал оңтүстігі жайылым жерлерімен шектеседі.

Айта кетейік, казиноға шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және онда жұмыс істейтін қызметкерлер ғана кіре алады. Қазақстан азаматтары мен өңір тұрғындарына ойын мекемесіне кіруге рұқсат етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button