Басты жаңалықЖаңалықтар
«Одесса» паромы жұмысын тоқтатады.Неге?
Бұқтырма су қоймасында Васильев өткелі арқылы қатынайтын «Одесса» паромы 5 қазаннан бастап жұмысын тоқтатады.
Облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, оның жұмысы навигациялық маусымның аяқталуына байланысты тоқтатылады.
Осыған байланысты тұрғындар мен өңір қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, паромның жұмыс тоқтататынын ескеруді сұрайды.
Жаңа навигациялық маусымның басталуына қатысты ақпарат кейінірек жарияланады.



