Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-да қанша ауыл бар?

Өңірде ауылдық елді мекендер саны ең көп аудан белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, облыста барлығы 342 ауыл бар.
Ең көп ауыл Ұлан ауданында орналасқан. Мұнда 45 елді мекен бар.
Ауылдар саны бойынша кейінгі орындарда:
* Алтай ауданы – 42 ауыл;
* Глубокое ауданы – 36;
* Зайсан ауданы – 32;
* Шемонаиха ауданы – 31;
* Тарбағатай ауданы – 28;
* Катонқарағай ауданы – 26;
* Марқакөл ауданы – 23;
* Самар ауданы – 22;
* Күршім ауданы – 21;
* Үлкен Нарын ауданы – 20.
Ал Риддер қаласына қарасты 9 ауыл бар.
Осылайша, ауылдық елді мекендер саны бойынша облыста Ұлан ауданы көш бастап тұр.


