Жаңалықтар

Өскеменде қоқыс алаңдарына камера орнатыла ма?

Өскеменде қоқыс контейнері алаңдарына бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қарастырылып жатыр.

Қалада ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге тастау фактілері жиі кездеседі. Осыған байланысты мұндай орындарға камера орнату ұсынылған.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұл мәселе бойынша полиция мен облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасына өтініштер жіберілгенін хабарлады.

—Заңсыз қоқыс тастау фактілері жиі тіркелетін контейнер алаңдарына бейнебақылау камераларын орнату ұсынылды. Қазір бұл мәселе уәкілетті органдардың қарауында,- делінген мәліметте.

Ал камералардың саны мен нақты қай жерлерге орнатылатыны техникалық мүмкіндіктерге байланысты анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button