ЖаңалықтарСпорт
Өскеменде ескек есу каналы салынады

Өскеменнің сол жағалауында тұрғындар үшін жаңа демалыс орны пайда болады.
Жоба аясында жағалау абаттандырылып, концерттік және ойын алаңдары, жағажай волейболына арналған аймақ және жаңа Арбат жасалады.
Сонымен қатар бұл аумақта байдарка мен каноэде жарыс өткізуге арналған ескек есу каналы салынады. Оның ұзындығы 1200 метр, ені 110 метрге дейін, ал тереңдігі 2,5 метр болады.
Жаңа Арбат қала тұрғындары серуендеп, демалып, уақыт өткізетін орындардың біріне айналмақ.


