KZO Life медиа жобасы жаңа кезеңге қадам басты

Бүгін Қызылордада Kzolife.kz кросс-ақпараттық платформасы ресми түрде жұмысын бастады.
KZO Life — Кozildirik Media Group компаниясының жобасы. 2024 жылы Instagram желісінде паблик ретінде жұмысын бастаған. Бүгінде 50 мыңға жуық оқырманы бар.
Медиа жоба Қызылордадан бөлек, еліміздің бес өңірінде сәтті жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, Астана, Абай облысы, ШҚО, Ұлытау және Түркістан облысы.

— KZO Life – Қызылорда облысының тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтитын, өңірдің даму қарқынын және рухани бет-бейнесін айшықтайтын медиа жоба. Біздің мақсатымыз — ақпараттық ашықтық арқылы өңірдің оң имиджін қалыптастырып, жаңа биіктерді бағындыру, — дейді Бас редактор Ғалия Бисейіт.

Ашылу салтанатында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов пен «Astana Life» кросс-ақпараттық платформасының Бас редакторы Гүлжазира Берікқызы қатысып, жаңа жобаның лентасын қиды.

KZO Life — өңір өмірін шынайы, сапалы және креативті форматта көпшілікке айшықтайды.


