Басты жаңалықЖаңалықтар
Тереңсайды айналып өтетін жолда тіркемелі көліктерге шектеу қойыла ма?

Тереңсайды (Осинов асуы) айналып өтетін жаңа жолда қыста тіркемесі бар көліктердің қозғалысына тұрақты шектеу қойылмайды.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының облыстық филиалының мәліметінше, жол құрылысы кезінде қауіпсіздік талаптары ескерілген. Жолдың еңістері мен бұрылыстары, ені және кей учаскелердегі кеңейтілген бөліктері тексерілген. Сонымен қатар апаттық съездер мен қоршаулар орнатылған.
Дегенмен ауа райы күрт нашарлаған жағдайда жолдағы қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін.
Мұндай шешім жолдың нақты жағдайы мен ауа райына байланысты қабылданады.


