Басты жаңалықЖаңалықтар
V$XV PRiNCE Өскеменге келеді

17 қазан күні сағат 20:00-де Б. Александров атындағы спорт сарайында қазақстандық рэп орындаушы V$XV PRiNCE-тың концерті өтеді.
Әнші 15 жылдық шығармашылық жолын үлкен турмен атап өтпек. Концерт бағдарламасында жаңа тректер, көпшілікке танымал хиттер және шығармашылық жолының алғашқы кезеңіндегі әндер орындалады.
V$XV PRiNCE «Пусто», «Дом 50», «Мурашки», «Су» және «Не интересно» сияқты хит өлеңдерімен танымал.
Билеттерді Kino.kz сайтынан алуға болады. Halyk Bank картасы иелеріне 10% жеңілдік қарастырылған.



