Басты жаңалықЖаңалықтар
Риддерде жаңа қонақүй ашылады

Риддерде жақын арада «Ridder Inn» атты жаңа қонақүй ашылады. Қазір нысанда құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр.
Қала әкімі Думан Рахметкалиев қонақүйге барып, оның ішкі көрінісін әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті.
Жоспар бойынша, қонақүйдің құрылысын биыл аяқтау көзделген. Нысан 30 бөлмеге және 60 адамға арналған.
Жаңа қонақүй қалаға келетін туристер мен қонақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Қонақүйдің нақты қашан ашылатыны әзірге хабарланған жоқ.


