Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде 7 жылы аялдама орнатылды

Өскеменде тұрғындарға арналған 7 жылы аялдама орнатылды. Енді қала тұрғындары суық күндері қоғамдық көлікті жылы жерде күте алады.
Жаңа аялдамалардың екеуі Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ маңында, жолдың қарама-қарсы бағыттарына қойылды. Сонымен қатар «Кемежай», «Карабах» аялдамаларына, Меновное ауылындағы Қан орталығының жанына, Әуезов даңғылына, «Прогресс» аялдамасына және Ушанов алаңына орнатылды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жылы аялдамаларды орнату жұмыстары әлі де жалғасады.



