Басты жаңалықЖаңалықтар
«Өскемен – Самар» тасжолында жол апаты болды

Бүгін «Өскемен – Самар» тасжолының 52-шақырымында Chevrolet Tracker көлігі жол апатына ұшырады.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік Палатцы ауылынан Өскеменге қарай келе жатқан. Жолдың жаңа бөлігінде жол жиегі болмағандықтан, жүргізуші оңға қарай ауытқып, апатқа түскен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікте бірнеше жолаушы болған. Олардың бірі оқиға орнында қалған, ал басқалары жолай өткен көліктермен кетіп қалған.
Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. ПА-426 экипажы да қажетті шараларды жүргізуде.



