Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде Риддердің мәдени күндері өтеді

16 қазанда Өскемендегі облыстық филармонияда Риддердің мәдени күндері өтеді.

Сағат 17:00-де келушілерге Риддердің тарихы, табиғаты мен дәстүрін таныстыратын көрме ұсынылады. Көрмеден сирек кітаптарды, голограммаларды, көне техникалық құрылғыларды және жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарын көруге болады. Сондай-ақ, табиғи өнімдер мен дәрілік өсімдіктер таныстырылады.

Мәдени кеште №1 мектеп-лицейінің оқушылары өздерінің экологиялық, медициналық және тұрмыстық мәселелерді шешуге арналған инновациялық жобаларын көрсетеді.

Ал сағат 18:00-де Риддер қаласының өнерпаздары гала-концертте өнер көрсетеді.

Мәдени шара қала тұрғындары мен қонақтарына Риддердің тарихы, мәдениеті және өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button