Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде Риддердің мәдени күндері өтті

Кеше облыстық филармонияда Риддер қаласының мәдени күндері аясында концерт өтті. Көрермендер қала өнерпаздарының әні мен күйін тыңдап, би және ертегі қойылымдарын тамашалады. Кештің ерекшелігі – концертті жасанды интеллект қазақ және орыс тілдерінде жүргізді.

Филармония фойесінде Риддердің қолөнер шеберлері мен оқушыларының көрмесі ұйымдастырылды. Келушілер ұлттық нақыштағы бұйымдарды, ғылыми жобаларды, робототехника жетістіктерін және сирек кездесетін өсімдіктерді тамашалады. Сондай-ақ биіктігі екі метрден асатын робот көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Ал бүгін Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алып, сауда жасады. Шара барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынады.

Одан кейін «Шығыс Life» ұжымы Риддер қаласының әкімдігімен бірлесіп, тұрғындар арасында ұтыс ойнатып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыстады. Бұл шара жәрмеңкеге қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Риддердің мәдени күндері мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қала тұрғындарына өнерді тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, пайдалы сауда жасауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button