ЖаңалықтарМәдениет

Өскемендік ару «Қазақ аруы – 2026» байқауына қатысады

3 қараша күні сағат 19:00-де Алматы қаласында «Қазақ аруы – 2026» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді.

Биылғы байқауға еліміздің әр өңірінен 22 ару қатысып жатыр. Олардың қатарында Өскемен қаласының намысын қорғайтын Балғын Айдынқызы да бар. Ол байқауда №12 нөмірімен өнер көрсетеді.

Өскемендіктер Балғынға қолдау білдіріп, байқаудың тікелей эфирі кезінде дауыс бере алады. Эфирді @qazaq_aruy_official парақшасынан көруге болады.

Айта кетейік, «Қазақ аруы» ұлттық байқауы Баян Мақсатқызының жетекшілігімен 15 жылдан бері өткізіліп келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button