Жаңалықтар
ШҚО-да көпсалалы ветеринариялық зертхана ашылды

Облыста халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы ашылды.
Жаңа зертхана заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және облыстың ветеринариялық диагностика мүмкіндіктерін кеңейтіп, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Басқарма басшысы Рамиль Сағандыковтың айтуынша, 2026–2027 жылдарға арналған бюджет бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3,6 млрд теңге қарастырылған. Бағдарлама аясында аудандық ветеринариялық станциялар, ветеринариялық пункттер және мал қорымдарын салу жоспарланып отыр, бұл эпизоотиялық тәуекелдерді төмендетуге және жануар тектес өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



