Жаңалықтар

ШҚО-да жоғалған жасөспірім табылды

Шығыс Қазақстан облысында бейнесараптама жүйесінің көмегімен жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Глубокое аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Анасының айтуынша, ұлы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Белгілі болғандай, бұған дейін де осындай жағдайлар болған.

Хабарлама түскен соң бірден іздестіру жұмыстары басталып, бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде жасөспірім Өскемен қаласынан анықталды. Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, баланы анасына аман-есен табыстады.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оның жай ғана серуендеп жүргені белгілі болды. Баламен және оның заңды өкілімен түсіндіру, алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, бейнесараптама жүйесі мамыр айынан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оның көмегімен 2 жоғалған адам табылып, іздеуде жүрген 38 тұлға анықталған. Биыл жалпы полиция қызметкерлері 37 жоғалған жасөспірімді тапқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button