Жаңалықтар

Риддер тұрғыны санитарлық авиациямен Өскеменге жеткізілді

Ұшу барысында науқастың жанында білікті медицина қызметкерлері болып, оның жағдайын үздіксіз бақылап отырды.

ҚР ТЖД министрлігінің ұшқыштары пациентті облыс орталығындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізді. Науқастың жағдайы жоғары білікті мамандардың бақылауында. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Еске саламыз, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button