Басты жаңалықЖаңалықтар

Риддерде жаңа демалыс орны бой көтеруде

Риддер қаласының маңындағы Эдельвейс аумағында жаңа туристік-демалыс орны салынып жатыр. Жоба демалушыларға жыл он екі ай қызмет көрсетуді көздейді. Мұнда қысқы және жазғы демалысқа арналған барлық жағдай жасалмақ.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа туристік нысанның құрылыс барысымен танысты. Бұл – Риддер өңіріндегі канат жолы бар жалғыз демалыс орны. Аймақ басшысы нысанның жұмыс жүйесін қарап, көрсетілетін қызмет бағаларын өзге демалыс орындарымен салыстырды. Нәтижесінде бағалардың қолжетімді екені атап өтілді.

Облыс әкімі туристердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
— Ең басты мәселе – демалушылардың қауіпсіздігі. Бұл бағытта барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button