Жаңалықтар

ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

2 ақпанда Зайсан ауданына қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары «ішімдіксіз ауыл» республикалық бастамасына қосылу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ауылда құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен арнайы кездесу өтті.

Кездесуге 40-тан астам адам қатысып, ауылда ішімдіксіз, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша Қуаныш ауылын ішімдіксіз елді мекендер тізіміне енгізу туралы ортақ шешім қабылданды.

Қазіргі таңда Қуанышта шамамен 370 тұрғын бар. Бұл ауыл өңірдегі 22-ші ішімдіксіз елді мекен атанып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button