Жаңалықтар

ШҚО-да жаңбыр жауып, кейін аяз болады

Алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кейін ауа температурасы күрт төмендеп, аяз болады. Қазақстанның басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы бұзылады.

11 ақпанда қатты жаңбыр жауып, қар түседі деп болжанып отыр. Республика бойынша көктайғақ, боран және екпінді жел күтіледі.

Жауын-шашын тоқтағаннан кейін, ауа райы салқындайды. Шығыста түнде -13…-23°С, күндіз -12…-20°С дейін аяз болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button