Жаңалықтар

Бұқтырмада жаңа туристік кешен салынады—ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының жағасында жаңа туристік кешен салу жоспарланып отыр. «Бұқтырма Арена» деп аталатын жобаны Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев өзінің Instagram парақшасында таныстырды.

Жобаның авторы әрі инвесторы — осы ауданнан шыққан қазақстандық кәсіпкер Александр Дериглазов. Ол бұрын «Меломан» дүкендер желісін құрған, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда туристік қызметпен айналысады.

Эскизге сәйкес, кешен аумағында қонақ үй, мейрамхана, спорттық-сауықтыру нысандары, іс-шаралар өткізуге арналған алаңдар, балық аулауға арналған орындар салынады. Сонымен қатар яхта тұрағы мен жол бойындағы сервистік нысандарды салу жоспарланған. Жоба Бұқтырма станциясында жүзеге асырылмақ. Құрылыстың басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге нақтыланбаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button