Жаңалықтар

Өскеменде “Бомж” жедел профилактикалық шарасы басталды

25–27 ақпан аралығында Өскеменде “Бомж” атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осы күндері полиция қызметкерлері рейдтер жүргізеді. Олар тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтап, жеке басын тексереді. Сонымен қатар, олардың бұрын жасалған құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы қаралады.

Мұндай шаралар қауіпсіздікті күшейтуге және мұқтаж жандарға әлеуметтік әрі құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button