Жаңалықтар

ШҚО-да балықшыларға арналған фестиваль өтеді

Алтай ауданына қарасты Октябрьский кентінде «Бұқтырма балықшысы – 2026» атты екінші республикалық мұз үстіндегі балық аулау фестивалі ұйымдастырылады.

Фестиваль қонақтарына арнап мерекелік концерттік бағдарлама әзірленген.

Жарыстың арнайы қонақтары— Еркін Нұржанов, кубалық «Umberto Project» тобы және танымал блогер Алға Питербург.

Фестивальде әуе шарымен көтерілу, садақ ату, хаски иттерімен шанамен сырғанау, қарда жүретін көлікпен серуендеу, атпен серуендеу секілді түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Қонақтар үшін жылынуға арналған киіз үйлер тігіліп, «Ауыл дәмі» жәрмеңкесі жұмыс істейді.

Фестивальдің басты оқиғасы – мұз үстіндегі балық аулау жарысы. Жеңімпаздар кубок, медаль, алғыс хат және облыс әкімінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Қатысуға өтінімдер +7 705 900 4350 телефоны арқылы қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button