Жаңалықтар
ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қазгидромет» мамандарымен бірге қар көшкіні мен гидрологиялық жағдайды зерттеу мақсатында әуеден барлау жүргізді. Бақылау «Өскемен-Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Катонқарағай ауданы — Өскемен» бағыты бойыншы жасалды.
—Зерттелген аумақты толығымен қар басқан. Таулы аймақтарда қар көшкіні тіркелген жоқ. Бұқтырма өзені мұзбен жабылған, жағалау тұстары аздап еріген, ал ортасында ойықтар байқалады. Гидрологиялық жағдай тұрақты, – делінген департаменттің ақпаратында



