Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде live-концерт өтті

Өскеменде қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған live-концерт өтті.

Ауқымды мәдени іс-шара қаладағы Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында қоғамдық-мәдени акция форматында ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған бастамаларды кеңінен таныстыру және азаматтық белсенділікті арттыруға арналды.

Эстрада жұлдыздары кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

— Маған бүгін өткен мәдени іс-шара өте қатты ұнады. Әсіресе, біздің жастар ерекше эмоция алып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты деп ойлаймын. Осындай кештер қаламызда жиі ұйымдастырылып тұрса, жастарға да, жалпы тұрғындарға да үлкен серпін береді,-деді қалалық мәслихатының депутаты Бақытжан Ерболқызы.

Кештің хедлайнерлері — қазақстандық танымал әншілер Sadraddin, Мирас Жүгінісов және Еркін Нұржанов болды.

Сондай-ақ сахнада жергілікті өнерпаздар — Эльдар Уадинов, Апош Сарбаз, Нұргүл Қабдоллаева, Арника Байбусинова, Ерасыл Ринатов, Анара Шөкенова, Юлия Юрочкина, Роман Хохлов, Әсемa Рыспаева, Евгений Выблов және Влад Лоскутов өнер көрсетіп, кештің көркін қыздырды.

Танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай мәдени іс-шаралар қала өмірін жандандырып, тұрғындардың бірлігін нығайта түсетіні сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button