Жаңалықтар
Алматы-Өскемен тас жолында төрт адам мерт болды

Қайғылы оқиға, 10 желтоқсанда күндіз Алматы-Өскемен тас жолының 462-ші шақырымында болған.
Ауа райы қолайсыздығының кесірінен, көлік қозғалысы қиындаған. Жүргізушілер қарлы боран мен көктайғақта жүруге мәжбүр болған.
Оқиға орнында төрт адам тіл тартпай кетті. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп мәлімдеді Жетісу облысының ПД.



