ЖаңалықтарСпорт
Енді «BEREL» Ұлттық лигада өнер көрсетеді

Жоғары лигада өнер көрсетіп келген «BEREL» ерлер командасы енді Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасында бақ сынайды.
Команда маусым алдындағы алғашқы жиынын өткізіп, алдағы жоспарларын бекітті. Сондай-ақ ұжымға жаңа бас бапкер таныстырылды. Енді «BEREL»-ді тәжірибелі маман Рафаиль Гилязутдинов жаттықтырады.
Жаттықтырушы бұған дейін клубтың жастар құрамымен жұмыс істеп, жас ойыншылардың кәсіби деңгейге көтерілуіне үлес қосқан. Алдағы маусымда команда құрамын күшейтіп, Ұлттық лигада бәсекеге қабілетті ұжым қалыптастыру көзделіп отыр.



